Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның жастар құрамасы Еуро-2025 турнирінің іріктеу кезеңінде Шотландияны жеңді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21)
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21). Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуро-2025 турнирінің іріктеу матчында өз алаңында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Шотландиядан 3:2 есебімен басым түсті.

Матчтағы есепті Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбар Абдулла (30-минут) ашты.

Ойынның 60-минутында Шотландия құрамасы сапынан Леннон Миллер көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті. Алайда араға 4 минут салып шотландиялық футболшы Дэйн Мюррей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Матчтың 66-минутында Әділбек Жұмахановтың соққан пенальтиінің арқасында Қазақстан құрамасы есепте алға шықты. Ал 74-минутта Ян Труфанов Шотландия қақпасына үшінші голды соқты.

Ойынның 85-минутында Джереми Мюллен шотландиялықтардың екінші голын соға алды.

Айта кетейік, осы жылдың наурызында Шотландияда болған бірінші ойында Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңілген болатын.

Осылайша іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Шотландия құрамасы 16 ұпай жинап, бұл топта үшінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен бесінші орынды місе тұтты. Қос құрама да Еуро-2025 турниріне жолдама ала алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2174784-qazaqstannyng-zhastar-quramasy-euro-2025-turnirining-irikteu-kezenginde-shotlandiiany-zhengdi/