Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр теңгенің есебі болуы тиіс": ҚФФ басшысы отандық футболдағы түйіткілді мәселені қозғады

Жарияланған күні:

ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов
ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов. Фото: instagram.com/a.barmenkulov

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов аймақтағы футболдың дамуына әсер ететін факторларды атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Парламенті мәжілісінде спорттағы түйіткілді мәселелерге қатысты өткен жиында Әділет Барменқұлов отандық футболдың мән-жайын айтты. Оның айтуынша, еліміздегі аймақтар футболды дамытып жатқан жоқ, тек бюджетті игерумен айналысып жүр.

"Футболға бөлінген қаржы тиімді пайдаланылуы тиіс. Осы мақсатта біз өз тарапымыздан арнайы бағдарлама жасап, өңірлерге ұсынып жатырмыз. Бұған қоса, сарапшылар комиссиясын құрып, олардың да көмегіне жүгінбекпіз. Бюджеттен шыққан әр теңгенің есебі болу керек", - деді Әділет Барменқұлов.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке орынсыз әзілі үшін ескерту жасағанын және оған айыппұл салынғанын осы жиында айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2175567-ar-tenggening-esebi-boluy-tiis-qff-basshysy-otandyq-futboldagy-tuiitkildi-maseleni-qozgady/