"Семей" футзал клубы венгриялық "Халадас" командасын жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне соңғы жолдаманы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
4-топтың негізгі турының кездесуі Алматыдағы Балуан Шолақ стадионының паркет алаңында өтіп, қазақстандық команданың пайдасына 6:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймның екінші минутында семейлік шабуылшы Феррао есеп ашты. Бастапқы кезеңнің ортасына қарай Дедезиньо мен Шыңғыс Есенаманов есепті 3:0-ге жеткізді.
"Халадаш" шабуылшысы Георги Шипош есеп айырмасын қысқарта алды.
Екінші таймда Қазақстан құрамасының футзалшылары ғана гол соқты. Кайо Торрес, Родигиньо гол соғып, Феррао дубль авторы атанды.
Осылайша, бұл жеңіс Қазақстан чемпиондарына үш ұпай жинап, УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раундының 4-ші топтан үшінші қатысушысы атануына мүмкіндік берді.
Бүгін де осы төрттікте тағы бір кездесу өтеді. Алматылық "Қайрат" бұл топтағы көшбасшылық үшін португалиялық "Спортингпен" кездесетін болады. Айта кетейік, командалар Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне мерзімінен бұрын шығып үлгерді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2178860-futzaldan-semei-komandasy-haladashty-zhengip-chempiondar-ligasynyng-elitalyq-kezengine-shyqty/