Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жақында футбол федерациясының президенті қызметінен кеткен Әділет Барменқұлов туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін, 13 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алды баспасөз мәслихаты өткен еді. Жиын барысында Станислав Черчесов жақында футбол федерациясының президенті қызметінен кеткен Әділет Барменқұлов туралы пікірін білдірді.
"Біздің президент 2,5 жыл бойы жақсы жұмыс істеді. Нәтиже осыны көрсетіп отыр. Мен күн сайын дерлік онымен байланыста болдым. Барменқұлов нені жоспарлағанын, не қалағанын, ұлттық құрама үшін қалай уайымдағанын да білемін. Ішкі жан-дүниесін де білетінмін. Кез келген адам сияқты оның да қателіктері болған шығар.
Біз бапкерлік жұмыспен енді ғана айналысып жүрген жоқпыз. Мен ешқашан ақымақтың сұрағын қоймаймын. Ол қызметінен кететінін айтты, мен қабылдадым. Бастысы –қабылданатын шешімдердің сапасы. Менің келісімшартым Әділет Барменқұловпен емес, Қазақстан футбол федерациясымен жасалған", - деді Черчесов.
Айта кетейік, 8 қарашада ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов өз еркімен қызметінен кеткен еді. Ол осы қызметті 2022 жылдың ақпанынан бері атқарды. Федерация жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады.
Ертең, 14 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы Аустрияға қарсы ойнайды. Матч сағат 20:00-де басталады. Кейін Черчесов шәкірттері 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі. Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында өтетін матч 22:00-де басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2186787-kelisimshartym-barmenqulovpen-emes-federatsiiamen-zhasalgan-cherchesov-qff-eks-prezidenti-turaly-aitty/