Футболдан Аустрия құрамасының бас бапкері Ральф Рангник Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өткен матч туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 14 қарашада Қазақстан құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Аустриядан 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Аустрия командасының бас бапкері Ральф Рангник Қазақстан құрамасының ойынына баға берді.
"Біз осыған дейінгі матчта Қазақстанда ойын стилі жоғары екенін көргенбіз. Оған бүгін де көзіміз жетті. Сіздер таза ойнадыңыздар. Команда шабуылдар жасап, біздің ойынымызға кедергі келтіруге тырысты. Меніңше, Қазақстан құрамасы футболды әділ ойнайды. Кейбір командаларға қарағанда маған осы тұстарыңыз ұнайды. Шыны керек, матч барысында қарсылас команданың емес, өзіміздің ойыншыларды көбірек бақыладым", - деді Рангник.
Сондай-ақ ол Қазақстанда жастармен көбірек жұмыс істелсе, болашақта футболдың даму қарқыны жоғары болатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2187612-qazaqstan-taza-oinady-austriia-quramasynyng-bas-bapkeri-almatydagy-match-turaly-aitty/