Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Норвегияға қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
УЕФА Ұлттар лигасының соңғы, 6-туры аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Норвегиямен ойнады. Осло қаласындағы "Уллевол" стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы 0:5 есебімен жеңіліс тапты.
Ойынның 23-минутында Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд есепті ашты. Ал матчтың 37-минутында Эрилнг Холанд тағы бір мәрте Қазақстан қақпасынан саңылау тауып, екінші голын соқты. Бірінші таймның соңында Александер Серлот (41) Норвегия құрамасының үшінші голын соқты.
Ал ойынның 71-минутында Эрлинг Холанд гол соғып, хет-трик авторы атанды. 75-минутта Антонио Нуса Норвегия құрамасының бесінші голын соқты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында 5 мәрте жеңіліс тауып, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Осылайша ұлттық құрама аталмыш турнирдің В дивизионынан ұшып кетті.
Бұған дейін Станислав Черчесов шәкірттері Норвегиямен тең ойнаса (0:0), Аустрияға қарсы екі ойында да жеңіліс тап (0:4, 0:2) және Словенияға екі рет есе жіберді (0:3, 0:1).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2188577-holand-het-trik-zhasady-qazaqstan-birde-bir-gol-soqpady-ulttyq-qurama-iri-zhengiliske-ushyrady/