Ұлттар лигасының топтық кезеңі аяқталған соң, 2026 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің жеребесіне арналған себеттер белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 4-себетке түсті. Бұл себеттегі командалардан басқалары Қазақстан футболшыларына ықтимал қарсылас саналады.
Қазақстан құрамасының ықтимал қарсыластары:
- Бірінші себет: Франция, Испания, Англия, Португалия, Бельгия, Нидерланд, Италия, Германия, Хорватия, Швейцария, Дания, Австрия;
- Екінші себет: Сербия, Украина, Турция, Швеция, Уэльс, Польша, Венгрия, Грекия, Норвегия, Румыния, Словакия, Чехия;
- Үшінші себет: Шотландия, Словения, Ирландия, Финляндия, Грузия, Албания, Солтүстік Македония, Исландия, Солтүстік Ирландия, Босния және Герцеговина, Черногория, Израиль;
- Төртінші себет: Болгария, Люксембург, Армения, Косово, Қазақстан, Әзербайжан, Эстония, Кипр, Литва, Фарер аралдары, Латвия;
- Бесінші себет: Молдова, Мальта, Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн, Сан-Марино.
Айта кетейік, жеребе бойынша құрамалар төрт және бес командадан тұратын 12 топқа бөлінеді. Құрамында бес команда бар топтар іріктеуді наурызда, ал төрт командадан тұратын топтар қыркүйекте бастайды. Топтық іріктеу кезеңінің соңғы кезеңі 2025 жылдың қарашасында өтеді. 12 топ жеңімпаздары әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иегерлері Ұлттар лигасы топтарының жеңімпаздарымен матч өткізеді.
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. ФИФА-ның футбол шекарасын кеңейту бағдарламасы аясында турнирге бірден 48 құрама қатыспақ. Ал Еуропадан 16 команда бақ сынайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2190126-futboldan-qazaqstan-quramasy-alem-chempionatyna-irikteude-qai-komandalarmen-oinauy-mumkin/