Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі" деген бағаны құптаймын": Черчесов ұлттық құрамадағы жұмысына баға берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Станислав Черчесов
Станислав Черчесов. Фото: Laszlo Szirtesi/Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасының қорытындысы бойынша өзінің жұмысына баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Матч ТВ" телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Станислав Черчесовтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, нәтижесінде бір ғана ұпай жинаған.

"Нәтижені екі қырынан бағалауға болады: кестедегі жағдайды алсақ — минус үштік деген баға қоюға болады. Ал ішкі жұмыстарға келсек — көрінбейтін, бірақ қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Қайта құру үдерісі толық қарқынмен іске асуда...

Қазіргі жағдайды қалай бар, солай қабылдаймыз. Бізге қойылып жатқан екі деген бағаны да құптаймын. Дегенмен бізде ішкі жұмыстар жүргізілуде: біз жастар құрамасынан төрт ойыншыны алдық, жүйені өзгерттік және төрт қорғаушымен ойнауды бастап кеттік", - деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтің жетекшілігімен Ұлттар лигасының жаңа маусымында 6 ойын өткізіп, 5 рет жеңілді және 1 мәрте қарсыласпен тең ойнады. Топтық кезеңдегі соңғы матчта ұлттық құрама Норвегиядан 5:0 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2192948-eki-degen-bagany-quptaimyn-cherchesov-ulttyq-quramadagy-zhumysyna-baga-berdi/