Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында сырт алаңда жаңасібірлік "Сібір" командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 7 желтоқсан Ресейде ҚХЛ лигасы аясындағы кездесу өтті. Ойын 5:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. "Сібір" сапынан Тейлор Бек, Владимир Бутузов, Николай Прохоркин, Артем Михеев және Энди Андреофф шайба салды. Ал "Барыс" командасынан Энтони Камара ғана көзге түсе алды.
Астаналық команда қатарынан екінші рет жеңіліске ұшырап, Шығыс конференциясында да, ҚХЛ жиынтық кестесінде де соңғы орынға төмендеп кетті. "Барыс" командасының еншісінде 40 кездесуде 31 ұпай.
"Сібір" командасы, қатарынан 4 ойын жалғасқан жеңіліс сериясын тоқтатты. Олар 41 ойын өткізіп, 43 ұпай жинаған. Осылайша ресейлік хоккей команда плей-офф аймағына ілінді (8-орында). Ал "Барыс" хоккей клубы ең соңғы 12-орында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2049743-barys-zenilip-qxl-da-qaitadan-songy-orynga-tusip-ketti-video/