Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы Бірінші арна кубогында үшінші орынға ие болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Александр Борисевич
Александр Борисевич. Фото: hcbarys.kz

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Санкт-Петербургте өткен Бірінші арна кубогының финалдық кездесуінде "Россия 25" командасынан жеңіліп, үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Халықаралық турнирдің соңғы кездесуі алаң иелерінің пайдасына орай 5:2 есебімен аяқталды. Ресейлік команда ойыншыларының ішінде Илья Сафонов, Василий Глотов, Максим Соркин және Валентин Зыков көзге түсті. Қонақ команда сапындағы Никита Михайлис пен Әділ Бекетаев шайбы кіргізген.

Қорытынды кесте бойынша Қазақстан құрамасы жеке кездесу кезінде жеңіске жеткендіктен "Жұлдыздар мен ВХЛ" командасынан озып, екі ұпаймен үшінші орын алған. Ал "Россия 25" ең жоғары ұпай — алты балл жинап, турнир жеңімпазы болды. Екінші орынға үш ұпаймен былтыр чемпион болған белорустар ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2051301-xokkeiden-qazaqstan-quramasy-birinsi-arna-kubogynda-usinsi-orynga-ie-boldy/