Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында ірі есеппен ұтылды

Жарияланған күні:

Қазақстандық хоккейшілер
Қазақстандық хоккейшілер. Фото: icehockey.kz

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде АҚШ-тан ірі есеппен жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алтыншы ойынын АҚШ командасына қарсы өткізді. Бұл бәсекеде америкалықтар 1:10 есебімен жеңіске жетті.

Брэди Ткачук хэт-трик жасаса (8, 19 және 46-минут), Мэтт Болди дубль орындады(5, 24-минутта). Сондай-ақ Брок Нельсон (17), Гэвин Бриндли (22), Люк Канин (32), Кевин Хейз (46) және Джонни Годро (51) шайба соқты. Ал Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды 47-минутта Әлихан Өмірбеков салды.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатында қатарынан бесінші рет жеңілді. Қазақстан құрамасы жарыстағы алғашқы матчын Францияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңген еді. Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 3:1, Германияға 2:8 есебімен есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2103437-hokkeiden-qazaqstan-quramasy-alem-chempionatynda-iri-eseppen-utyldy/