Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы "Гагарин кубогының" жеңімпазымен келісімшартқа отырды

Жарияланған күні:

Максим Мухаметов
Максим Мухаметов. Фото: hcbarys.kz

Елордалық "Барыс" хоккей клубы "Гагарин кубогының" иегері Максим Мухаметовпен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыстың" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық хоккейшімен біржақты келісімшарт екі жылға, 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Мухаметов мансабының көп бөлігін "Барыс" жүйесінде өткізіп, "Снежные Барсы" мен "Номад" командаларында ойнаған. Ол 2023 жылы "Номадқа" Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін алуға көмектесіп, Pro Hokei Ligasy-ның үздік шабуылшысы атанды. Өткен маусымда Максим "Металлург" сапында Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасап, тұрақты чемпионаттың 24 матчында 4 (1+3) ұпай еншіледі. Плей-оффта Мухаметов 4 кездесуге қатысып, "Гагарин кубогының" иегері атанды.

"Мухаметов – бірегей шабуылшы, ол орталықта да, шетте де ойнай алады. Өте көп жұмыс атқаруға қабілетті ойыншы, тіпті қорғаныста да. "Металлургте" көп ойын уақытын алмаған болуы мүмкін, алайда Лигадағы дебюті жақсы болды деуге болады. Максим алғашқы матчтардан командаға пайдасын тигізе алады деп сенеміз", - деді "Барыс" хоккей клубының бас менеджері Олег Болякин.

Еске салайық, 15 жастағы қазақстандық хоккейші америкалық клубқа ауысқанын жазған едік

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2119560-barys-hokkei-kluby-gagarin-kubogynyng-zhengimpazymen-kelisimshartqa-otyrdy/