Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық хоккейші Мусоров: Шотландия лигасының деңгейі Қазақстан чемпионатынан он есе жоғары

Жарияланған күні:

Хоккейші Максим Мусоров
Хоккейші Максим Мусоров. Фото: GINTS IVUSKANS/AFP via Getty Images

19 маусым күні қазақстандық хоккейші Максим Мусоров астаналық "Барыс" клубынан шотландиялық "Файф Флайерс" клубына ауысқаны мәлім болды. Осыған байланысты хоккейші ҚХЛ-дағы биылғы маусым, Шотландия чемпионатына ауысуы жөнінде сұқбат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

– ҚХЛ-да өткізген биылғы маусым сәтті болды деп айта алмаймыз. Сіз тек 28 матч өткізіп, екі шайба ғана соға алдыңыз. "Барыс" үшін жалпы маусым оңай болмады, бірақ негізгі құрамда орнығу үшін сізге не жетіспеді?

– Әрине, мен ҚХЛ-ға оралып, Еуропадағы дәл осындай ең жақсы лигалардың бірінде ойнауға тырыстым. "Барыстың" конференцияда соңғы орынға ие болғаны өкінішті. Демек біз бірдеңені дұрыс істемедік, енді бәрі қателіктермен жұмыс жүргізіп, кемшіліктері туралы ойлануы керек. Ал менде жеке өзіме деген сенімділік жетіспейтін шығар. Ғалым Баубекұлы Мамбеталиев мені бірінші және екінші құрамда шығарды, мен легионерлермен ойнадым. Көбіне-көп мен олардың ойынын жүргізуге тырыстым, тіпті өзімнің мүмкіндігім туып тұрса да, қақпаға соққы бағыттамай, керісінше пас беріп, ойынды жүргізуге бағыт алдым.

– Шотландиялқы клубпен келісімшарт қалай пайда болды және неліктен мансабыңызды сол жақта жалғастыруға шешім қабылдадыңыз?

– Шотландиялық клубпен келісімшарт әлем чемпионатынан кейін пайда болды. Коля Шульга (Қазақстан құрамасының хоккейшісі) екеуміз Чехияда болдық және Еуропа елдерінің командаларына назар аудардық. Олардың стилі мен көзқарасы өте ұнады. Олар шайбамен ойнайды, еңкеймейді, қателесуден қорықпайды. Жалпы өмірде адамдар қателеседі, сол секілді спортта да қателесу қалыпты жайт. Бастысы – бұл қателерді уақытында түзетіп, оларды қайталамау керек. Жалпы әлем чемпионатынан кейін агентіммен сөйлестім. Шотландиялық клубтың өкілдері Құрлықтық Кубокта бізді байқағанын білдім, сондықтан мен өз күшімді Шотландияда сынап көруді шештім.

– Жалпы команда мен лига туралы қандай ақпараттарды білдіңіз?

– Мен Қазақстаннан бірінші болып осы мемлекетте өнер көрсететін хоккейші шығармын. Егер хоккей лигаларының рейтингін көрсек, онда EIHL (Шотландия лигасы) деңгейі Қазақстан чемпионатынан он есе жоғары. Осы лигадан кейін адамдар Аустрияға, Швейцарияға ойнауға барады.

– Сіз жаттықтырушылар штабымен сөйлесіп көрдіңіз бе? Жалпы команда алдында қандай мақсаттар тұр?

– Агентім келіссөздер жүргізгеннен кейін ол мені жаттықтырушымен байланыстырды, ол бізбен жұмыс істеуді асыға күтетінін айтты. Мақсаттар әрқашан тек жоғары деңгейде болуы керек. Егер сіз чемпион болғыңыз келмесе, онда неге спортпен шұғылдануыңыз керек? Егер сіз бірінші болғыңыз келмесе, сізге бұл нәрсе не үшін қажет?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2120799-qazaqstandyq-hokkeishi-musorov-shotlandiia-ligasynyng-denggeii-qazaqstan-chempionatynan-on-ese-zhogary/