Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызына үйленген канадалық хоккейші: Баламыздың қазақша білгенін қалаймыз

Жарияланған күні:

Даррен Диц пен Іңкәр
Даррен Диц пен Іңкәр. Фото: "ЦСКА" хоккей клубы

"Барыс" хоккей клубы мен Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен Даррен Диц Championat.com порталына берген сұқбатында орыс және қазақ тілін үйрену мәселесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

– Қазір сіз орыс тілінде керемет сөйлейсіз. Орыс тілін үйрену қиынға соқты ма?

– Біршама қиын болды. Бірінші жылы мен күн сайын оқыдым, кейбір сөздерді түсіндім, хабарлама арқылы сөйлесе алдым. Бірақ киім ауыстыратын бөлмеде мен әлі көп нәрсені түсінбедім, адамдардың сөйлесуі тым жылдам болды... Бірақ мен дұрыс сөйлей алмасам да, көпшілік түсінуге тырысты.

Уақыт өте келе мен көп түсіне бастадым, бұл нәрсе маған орыс тілін үйренуге серпін берді. Қазір ол орыс тілінде ойлана бастадым, үйде біз балалармен орыс тілінде сөйлесе бастадық, бұның бәрі маған орыс тілін үйренуге көп көмегін тигізді.

– Ана тіліңізді ұмытып қалмадыңыз ба?

– Жоқ, әлі ұмыта қоймадым, бірақ кейде ата-анаммен сөйлескен кезде ойымдағы сөздердің алғашқы легі орыс тілінде сайрап тұрады.

– Қазақ тілін үйренуге әлі уақыт келмеді ме?

– Әлі уақыты келмеді, бірақ бұл келесі кезеңнің мәселесі. Ниетіміз бар, біз балаларымыздың қазақ тілін білгенін қалаймыз.

Айта кетелік, хоккейші 2017 жылдан 2022 жылға дейін елордалық "Барыстың" сапында өнер көрсетті. Осы кезеңде Даррен Астана қаласында өзінің болашақ жұбайы Іңкәрмен танысып, көңіл жарастырған. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар екі бала тәрбиелеп отыр. Осы маусымда Даррен Диц "ЦСКА" хоккей клубынан "Авангард" командасына ауысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2134239-qazaq-qyzyna-uilengen-kanadalyq-hokkeishi-balamyzdyng-qazaqsha-bilgenin-qalaimyz/