Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан хоккей құрамасы жасақталды

Жарияланған күні:

Қазақстан хоккей құрамасы
Қазақстан хоккей құрамасы. Фото: icehockey.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық командасының бапкерлік штабы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын құрамды жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Астанада Олимпиадаға іріктеудің финалдық кезеңіне дайындықтың екінші кезеңін аяқтады. Енді команда ертең Чехияға аттанбақ.

Бапкерлік штаб іріктеу турниріне қатысатын команда құрамын жариялады:

  • Қақпашылар: Никита Бояркин ("Барыс"), Максим Павленко ("Рязань-ВДВ"), Андрей Шутов ("Слован");
  • Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр ("Барыс"), Дмитрий Бреус ("Торпедо"), Леонид Метальников ("Адмирал"), Эдуард Михайлов ("Арлан"), Валерий Орехов ("Металлург"), Иван Степаненко ("Хумо");
  • Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Максим Мухаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко ("Барыс"), Руслан Демин ("Сарыарқа"), Артем Лихотников ("Хумо"), Кирилл Панюков ("Амур"), Евгений Рымарев ("Юнисон"), Аркадий Шестаков ("Адмирал"), Никита Михайлис ("Металлург").

Бапкерлер құрамы:

  • Бас  бапкер – Олег Болякин;
  • Бапкерлер:  Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессоно.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин команданың Олимпиадаға іріктеу турниріне дайындығы туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2152134-olimpiadaga-irikteu-turnirine-qatysatyn-qazaqstan-hokkei-quramasy-zhasaqtaldy/