Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама иелене алмады

Жарияланған күні:

Хоккейден Қазақстан құрамасы
Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: olympic.kz

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиадаға іріктеу турниріндегі шешуші матчта Словакияға есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Словакияның Братислава қаласында өткен ойында жарыс қожайындары 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Никита Михайлис шайба салса, қарсылас командадан Роберт Лантоши, Павол Регенда, Адам Лишка мергендік танытты. Осылайша, словакиялықтар 2026 жылғы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы матчта Мажарстанды 5:2 есебімен жеңсе, кейін Аустрия командасын 2:1 есебімен ұтқан еді.

Тәуелсіздік алғалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 1998 жылы Наганода (Жапония) алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысқан. Әзірге Қазақстан үшін ең үздік нәтиже – қысқы ойындардың ширек финалы. Ал 2006 жылы Турин Олимпиадасында ерлер құрамасы 12 елдің ішінде 9-орынға ие болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2155765-hokkeiden-qazaqstan-quramasy-2026-zhylgy-olimpiadaga-zholdama-ielene-almady/