Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" командасы жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жарияланған күні:

"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының жаңа маусымы аясында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Барыс" командасы сырт алаңда Екатеринбургтың (Ресей) "Автомобилист" ұжымынан басым түсті. Екі клуб "Уралец" спорттық кешенінде кездесті.

Ойын есебі 32-минутта ашылды. Бірінші голды астаналық хоккейші Кирилл Савицкий салды. 24-минутта қарсылас команда Ник Мерклидің арқасында есепті теңестіре алды.

"Барыс" овертаймда жеңіске жетті. Екінші шайбаны "Автомобилист" қақпасына Майкл Маклауд 61-минутта cалды.

Айта кетейік, осыған дейін "Барыс" қатарынан төрт рет жеңілген еді. Атап айтқанда, "Нефтехимикке" (1:2 ОТ), "Тракторға" (1:4), "Амурға" (1:5) және Минсктің "Динамосына" (1:5) есе жіберген еді.

Қазір елордалық команданың еншісінде үш ұпай бар. Енді "Барыс" клубы 19 қыркүйекте Қазанның (Ресей) "Ак барс" клубына қарсы ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2162701-barys-komandasy-zhanga-mausymdagy-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/