Астаналық "Барыс" клубының бас бапкері Вячеслав Буцаев баспасөз конференциясы кезінде әлдекімдердің айқайлаған даусына тосын реакция білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
26 қыркүйекте Вячеслав Буцаевтың басшылығымен астаналық "Барыс" хоккей клубы өз мұз айдынында алғашқы ойынын өткізіп, "Сочи" командасын 1:0 есебімен жеңді.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында қатты айқай естілді. Сол сәтте "Барыс" бапкері бұл жағдайға тосын реакция білдірді. "Барыс" хоккей клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасында Вячеслав Буцаевтың реакциясы таспаланған видео жарияланған.
Сондай-ақ бұл видеоның астына ерекше пікір білдіріп жатқан жандар да табылды.
"Қандай керемет! Бір күнде "Барыс" та, ұлттық құрамада жеңіске жетті"; "Барыс" Гагарин кубогын жеңген кезде дәл осылай айғайлаймын"; "Екі жақсы жаңалық"; "Мен де осылай айғайлағам".
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы да бұл видеоға: "Рақмет көп-көп! Бәріміздің эмоциямыз қазір сондай", - деп пікір жазып кеткен.
Айта кетейік, дәл сол "Барыс" пен "Сочи" ойыны аяқталғаннан кейін, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде 2021 жылғы әлем чемпиондары Португалияны 2:1 есебімен жеңіп кеткені белгілі болды. Бұл кездесу Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2166685-emotsiiamyz-qazir-sondai-barystyng-bas-bapkeri-aiqailagandarga-tosyn-reaktsiia-bildirdi-video/