Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш рет ұйымдастырылатын хоккейден Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

Жарияланған күні:

Қазақстан хоккей құрамасы
Қазақстан хоккей құрамасы. Фото: icehockey.kz

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) аясында тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир биылғы жылдың 6-9 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған. Чемпионат Алматыдағы Halyk Arena кешенінде өтпек. 

Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.  

Соңғы рет Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен. Ол кезде біздің студенттік құрама күміс медаль еншілеген болатын.

Еске сала кетейік, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты биылғы жылдың 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.

Алдағы турнирлер 2025 жылдығ 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2169181-tunggysh-ret-uiymdastyrylatyn-hokkeiden-aziia-chempionaty-qazaqstanda-otedi/