Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" жаңа бапкердің жетекшілігімен қатарынан үшінші кездесуде жеңілді

Жарияланған күні:

"Барыс" хоккей клубы
"Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеше, 3 қыркүйекте қазақстандық "Барыс" хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік "Спартакпен" кездесті. Бұл ойын 4:2 есебімен "Спартка" командасының жеңісімен аяқталды.

"Спартак" сапынан алғашқы шайбаны 8-минутта Адам Рузицка соқты. Одан кейін мәскеуліктер Егор Чезгановтың (26) және Андрей Мироновтың (32) сәтті мүмкіндіктерінің арқасында есеп айырмасын тағы екі есе арттыра алды.

"Барыс" екінші кезеңнің соңына қарай есеп айырмасын қысқарта бастады. 38-минутта "Барыс" хоккей клубының ресейлік шабуылшысы Даниил Апалков шайба соқты Ал астаналық ұжымның ойыншысы Антон Бурдасов (51) "Спартак" қақпасынан саңылау тауып, есеп айырмасын қысқарта білді.

Ойынның соңында "Спартак" клубының ойыншысы Иван Морозов (58) шайбаны соқты.

Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы жаңа бас бапкер Вячеслав Буцаевтың жетекшілігімен өткен барлық кездесуде жеңіліске ұшыраған болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2169663-barys-zhanga-bapkerding-zhetekshiligimen-qatarynan-ushinshi-kezdesude-zhengiliske-ushyrady/