Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасының қарсыластары кім

Жарияланған күні:

Хоккейден Қазақстан құрамасы
Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: olympic.kz

Алматыда 6-9 қараша күндері хоккейден ел тарихында алғаш рет Азия біріншілігі өтеді. Аталған құрлық додасында ұлттық құраманың көк айдындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хоккей федерациясының мәліметінше, Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысып, кездесулер Halyk Arena-да жалғасады.

Бұл сында жеңімпаз айналмалы жүйе бойынша өтіп, турнирлік кесте нәтижелері арқылы белгілі болмақ. Аталған біріншілікте ұлттық құрама қатысушы барлық командамен шеберлік байқасып, өзара мықтыны анықтайды.

Турнир кестесі төмедегідей:

  • 6 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Қытай;
  • 6 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Оңтүстік Корея;
  • 8 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Оңтүстік Корея;
  • 8 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Қытай;
  • 9 қараша 2024, 16:00 – Қытай – Оңтүстік Корея;
  • 9 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Жапония.

Еске сала кетейік, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты биылғы жылдың 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады. Алдағы турнирлер 2025 жылдығ 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары болып саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2169940-aziia-chempionaty-hokkeiden-qazaqstan-quramasynyng-qarsylastary-kim/