Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Борис Иванищев
Борис Иванищев. Фото: hcbarys.kz

"Барыс" хоккей клубының бас директоры Иванищев Борис Анатолийұлы қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "SportQory" баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Иванищев Борис елордалық хоккей клубының бас директоры болып 2018 жылғы мамыр айында тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Қазіргі уақытта "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының "Шығыс" конференциясының турнирлік кестесінде соңғы 12-орында тұр.

Бұған дейін "Барыс" хоккей клубы бас бапкерін ауыстырған еді. Жазда астаналық клубқа келген Давид Немировскийдің орнына Олимпиада чемпионы Вячеслав Буцаев тағайындалды. Макс Марковиц пен Стив МакГичи де бапкерлер құрамынан кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2172282-barys-hokkei-klubynyng-bas-direktory-qyzmetinen-ketti/