Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" тағы жеңілді: астаналық хоккейшілер турнир кестесінің соңында келеді

Жарияланған күні:

"Барыс" – "Салават Юлаев" хоккей клубтары
"Барыс" – "Салават Юлаев" хоккей клубтары. Фото: hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында "Салават Юлаевқа" қарсы ойында жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеше, 16 қазанда астаналық "Барыс" хоккей клубы өз мұз айдынында Уфаның "Салават Юлаев" командасына қарсы кездесу өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліске ұшырады.

Матчтағы есепті 13-минутта "Барыстың" ойыншысы Кирилл Панюков ашты. 17-минутта ресейлік клуб Александр Хмелевскидің арқасында есепті теңестірді. "Салават Юлаев" сапынан екінші шайбаны Нейтан Тодд (29) соқты. Ал матчтың 31-минутында "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Әлихан Өмірбеков есепті теңестіре алды. Алайда кездесудің 34-минутында Егор Сучков "Барыс" қақпасынан саңылау тауып, жеңіс шайбасын соқты.

Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы 16 матчта 7 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде соңғы 12-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2175285-barys-zhengiliske-ushyrady-astanalyq-uzhym-turnir-kestesining-songynda-keledi/