Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Бес әйел алам”: Арман Әшімов бала кездегі арманын айтты

Жарияланған күні:

Спортшы
Фото: Арман Әшімовтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

ММА өкілі Арман Әшімов бала кездегі арманы туралы сөз қозғап көпшілікті күлкіге қарық қылды. Бұл туралы танымал спортшы Нұрлан Албанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен үш жасымда “бес әйел алам” дегенімді білемін. Ол уақытта шариғатты білмейді екенбіз. Негізі төртеу екен ғой (күлді). Бала кездегі арманым сол еді. Бала-шағам көп болғанын қалайтынмын. Ал қазіргі арманым бір отбасының мықты отағасы болу, балаларыма жақсы тәрбие беру", - деп ағынан жарылды Арман Әшімов.

Сонымен қатар ол кәсіби мансабында өзінің белгілі бір ұстанымдары бар екенін жасырмады.

"Бірде маған “Мұстафа Өзтүрік” жекпе-жек орталығының президенті Мейірбеков Қайыр Сейсенбекұлы “Арман бауырым, сенің еліңде, қазақ бауырларыңа жеңілуне хақың бар. Өйткені, ұтылсаң өзіңнің қазағыңа ұтыласың. Ал бірақ шетелге барып ұтылуға хақың жоқ” деген болатын. Қарап тұрсақ, бір ақ ауыз сөз. Бірақ терең мағына жатыр", - деді спортшы.

Оның айтуынша, қазіргі лақап есімі “Мұстафа Өзтүрік”.

"Бұл лақап есімді Қайыр ағамыз Алладан дұға жасап, сұрап алып берген. “Мұстафа батырымыздың аты ұмытылмасын, әлем танысын” деген ниетпен. Мұстафа Өзтүрік менсіз де есімі әлемге әйгілі адам. Жылдар өтеді, заман ауысады, сол кезде ұрпақ сабақтастығы болсын дедік", - дейді Арман Әшімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1955852-bes-qatyn-alam-arman-asimov-bala-kezdegi-armanyn-aitty/