MMA жекпе-жекшісі Артем Резников UFC-дің бұрынғы жекпе-жекшісі Дави Рамоспен ACA Гран-приінің аясында өтетін кездесуге қатысты сұқбат берді. Қазақстандық спортшы жеңіске жетуге ниетті.
Резниковтың бірінші жекпе-жегі 17 маусымда Сочиде өтеді. Қазақстандық спортшы, Қазақстандағы №1 онлайн-букмекер – Parimatch-тың амбассадоры екі жылдық үзілістен кейін октагонға қайта оралмақ. Оның қарсыласы, UFC-де 2020 жылға дейін 10 жеңіспен және 4 жеңіліспен өнер көрсеткен 33 жастағы бразилиялық Дави Рамос.
Резников Рамосты өзіне лайық қарсылас деп санайды:
"Рамос грэпплинг жұлдызы болып саналады. Ол бір кездері бабында болған Джефф Монсонды да, Фабрисио Вердумды да жеңді. Сондай-ақ, ол UFC-де жақсы өнер көрсетті. Рамос — соңғы бес жыл ішінде Махачевқа ұпай саны бойынша ұтылған жалғыз спортшы. Ал Махачев UFC-дің чемпиондық белбеуіне үміткер, ол оған тамаша тойтарыс беріп, уақытынан бұрын жеңілмей, өз мықтылығын көрсеткен".
Жекпе-жекке дайындық қызу жүріп жатыр. Резников жанкүйерлерге жарақаттан толық арылғандығын айтып, оны іс жүзінде дәледеуге дайын екендігіне сендірді.
"Дайындықтың бірінші кезеңін Осетияда өткіздім, ары қарай үйде, яғни Алматыда жаттығамын. Жарақат мазаламайды деп айтуға да болады. Кейде сыр береді, бірақ айтарлықтай ауырмайды. Әрбір кәсіби спортшының кішігірім жарақаттары болады емес пе?!", - деді Резников.
Екі қарсылас Гран-придегі жеңіс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және ММА-дағы кәсіби күресшісінің мансабына жаңа серпін береді деп үміттенеді.
Резниковтың айтуынша:
"Мен күн сайын жаттығу жасап, қабілетімді шыңдап келемін. Басқа ұсыныстарды қарастырып жатқан жоқпын, қазір жалғыз мақсатым — ACA Гран-приіне қол жеткізу. Егер мен жеңсем, кез келген лигаға жол ашылады".
ACA Гран-приінің жүлде қоры шамамен 1 миллион долларды құрайды. Резников жеңіске жетсе, ата-анасын қуантпақ ойы бар екенін жасырмады.
"Менің арманым - өзіме және ата-анама пәтер әперу. Олар Алматыдан 1200 км қашықтықтағы Риддер қаласында тұрады. Ата-анамның жанымда болғанын қалаймын", - деп спортшы тілегін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1967286-artem-reznikov-gran-pridi-zenip-alsam-kez-kelgen-ligaga-zol-asylady/