Жексенбі, 5 наурызда UFC 285 өтеді, онда промоушеннің аясында қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилге қарсы өзінің бесінші жекпе-жегін өткізеді. Тхэквондодан бұрынғы әлем чемпионы және Parimatch амбассадоры Фараби Давлетчин осы жекпе-жекке қатысты өз болжамын бөлісті.
UFC 285 Джон Джонсон мен Сирил Ганның ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жегін қоса алғанда, әсерлі жекпе-жектер тізімін дайындады. Бірақ қазақстандықтар үшін ең қызықтысы ол, Шавкат Рахмонов (16-0) пен Джефф Нил (15-4) арасындағы жекпе-жек болатыны сөзсіз. Қазақстандық балуанның соңғы жекпе-жегі өткен жылдың маусым айында өткен, онда Рахмонов екінші раундта америкалық Нил Мэгниді сабмишн жасап жеңген еді. Сол уақыттан бері "Көшпендінің" оралуын отандастарымызбен бірге тхэквондо бойынша экс-әлем чемпионы және Parimatch беттинг компаниясының жекпе-жек өнері бойынша сарапшысы - Фараби Давлетчин де тағатсыздана күтті.
"Шавкат Рахмоновты мен ММА-дан әлем чемпионатынан бастап, Федор Емьяненконың өзінен сыйлық алып, жеңімпаз атанған кезден бақылап келемін. Біз бір залда жаттығатынбыз, сол жерде мен оның дайындығын қызығушылықпен бақылайтынмын. Рахмонов - әмбебап балуан. Тұрыста да, партерде де жақсы жұмыс істейді. Маған оның шабуыл стилін ұстанатындығы және жекпе-жекті кез келген тұрыстан партерге еш қиындықсыз ауыстыратындығы ұнайды. Сонымен қатар мүмкіндік туындаған кезде қарсыласын айналдырып лақтыруды өте жақсы іске асырады. Шавкат, менің білуімше, өз жолын дзюдо мен самбодан бастаған, сонымен қатар еркін күрес спортының шебері. UFC-ге ауыспас бұрын ол Kazakhstan MMAF кәсіби лигасының белбеуін жеңіп алып, M-1 Global чемпионы атанды. 28 жасында Шавкат UFC жартылай орта салмақтағы титулға нық қадам басып келеді - бірде бір рет жеңілмей, қатарынан 16 рет жеңіске жетуі осының айқын дәлелі".
Джефф Нил, Давлетчиннің пікірінше, жекпе-жекті лайықты деңгейде өткізе алады, бірақ кейбір көрсеткіштер бойынша Рахмоновқа жол береді.
"Қарсыласы Джефф Нилге келетін болсақ, оның артықшылығы бокс болып табылады. Ол мықты әрі нокаутқа жіберетін дәл соққыларымен мақтана алады, сол үшін "Үздік финишер 2019" атағының иегері атанып отыр. Джефф соққыға төзімді, сондықтан терең нокаутқа түсіп көрген емес. Оның керемет кардиосы бар, бұл 3 раунд бойы шайқасты қарқынды жүргізе алуына мүмкіндік береді. Алайда күресте оның дағдылары әлсіздеу болып келеді. Әзірге ол жәй ғана мықты соққылары мен тейкдауннан жақсы қорғанысы бар жауынгер".
Давлетчин ұсынған болжамға сәйкес, алдағы жекпе-жекте Рахмонов күресті партерге ауыстыра алған жағдайда, отандасымыз жеңісін мерзімінен бұрын қанжығасына байлай алады.
"Менің ойымша, Шавкат Рахмонов бұл жекпе-жекті 2-раундта немесе 3-раундтың басында төреші шешімін күтпей-ақ мерзімінен бұрын аяқтайды. Егер Шавкат күресті партерге аударса, онда Джеффтің жеңіске деген ешқандай мүмкіндігі қалмайды. Бұл күрес партерде ауырту әдісімен аяқталады деп ойлаймын. Нилл ешқашан мерзімінен бұрын ұтылған емес, мұны алғаш болып Шавкат іске асыра алады. Мен Рахмоновқа жанкүйер боламын, оған сәттілік тілеймін және жақын арада біз оны UFC-дің алғашқы қазақстандық чемпионы ретінде қарсы аламыз деген үміттемін".
Фараби Давлетчиннің ресми серіктесі, Parimatch жекпе-жекке келесі коэффициенттерді ұсынады:
Нилдің жеңісі - 5.00, Рахмоновтың жеңісі - 1.15
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2011608-merziminen-buryn-ayaqtalady-farabi-davletcin-savkat-raxmonovtyn-zekpe-zegine-bolzam-zasady/