Жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) әйгілі америкалық файтер Дастин Порьемен (29-8) жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Дастин Порье Twitter-де жартылай орта салмақ дәрежесіне көтерілетіні туралы мәлімдеме жасады. Бұған жауап ретінде UFC рейтингінің алтыншы сатысында тұрған Шавкат Рахмонов онымен октагонда кездесуге дайын екенін жеткізді. Ол Порьеге "ОК" деп қысқа ғана жауап қайырды.
Бұған дейін "Номадтың" 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтуге тиіс болған тағы бір америкалық Кевин Гастелуммен жекпе-жекті өтпей қалған еді. Рахмоновтың қарсыласы спарингтік жаттығу кезінде жарақат алып, турнирден бас тартты.
Ал Порьеге келсек, 30 шілдеде ол UFC-291 турнирінің басты кездесуінде Джастин Гейтжиден мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын. Дастин екінші раундта нокаутқа түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2031567-savkat-raxmonov-dastin-poremen-oktagonga-syguga-daiyn-ekenin-malimdedi/