Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жек алдында ауыр жарақат алып қалғаны белгілі болды (видео)

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: instagram/henrihooft

Шавкат Рахмоновтың бапкері Генри Хофт қазақстандық файтердің UFC 296 турнирінің алдында алған жарақаты туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке 25 күн қалғанда Шавкат Рахмоновтың жарақат алып қалғаны белгілі болды. "Номадтың" бапкері Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық спортшының сол кезде балдақпен жүрген фотосын жариялады. Генридің айтуынша, Шавкат тобығын ауыртып алғандықтан аяқпен жасалатын соққыларды қолданбапты.

"Сенбі күні Шавкаттың тағы бір жеңісіне куә болдық. Енді оның рекорды 18-0! Осы посттағы фотоларды көрсеңіз Рахмоновтың неге каратэ мен кикбоксинг әдістерін жасамағанын түсінесіз. Біз жекпе-жекті ММА мәнерінде жеңгіміз келді. Сонымен қатар бұрын ешкім сабмишн жасай алмаған файтерді мерзімінен бұрын жеңдік. Шавкат жұдырықтасуға 25 күн қалғанда ауыр жарақат алып қалды. Бірақ жауынгерлер үшін бұл сөз емес", – деді Генри Хофт Instagram-дағы ресми парақшасында.

Жарақатына байланысты Шавкаттың жекпе-жекке шығуы екіталай еді. Бірақ спортшы тәуекелге барып UFC 296 турниріне қатысып, Стивен Томпсонды екінші раундта жеңіп кетті.

Осылайша "Номад" кәсіпқой мансабындағы он сегізінші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Шавкат Рахмонов әлі күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2051425-savkat-raxmonovtyn-zekpe-zek-aldynda-auyr-zaraqat-alyp-qalgany-belgili-boldy-video/