Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

Шавкат Рахмоновтың секунданты Бауыржан Уталиев қазақстандық файтердің октагонға қашан орала алатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Вестник ММА" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

17 желтоқсанда Лас-Вегас қаласында өткен UFC 296 турнирінде алтыншы жеңісіне қол жеткізген Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жекке қашан шыға алатыны белгілі болды. Бұл туралы қазақстандық файтердің секунданты Бауыржан Уталиев мәлімдеді.

"Шавкаттың сөзі бойынша ол жазда жұдырықтаса алады. Бірақ асығыс шешім қабылдамайық. UFC-ге қашан барамыз деп сұрадым. Ол жазда дегендей болды. Десе де қазір демаламыз. Жаттығуды жаңа жылдан кейін бастаймыз. Оның үстіне аяғының жарақатын емдеу қажет", – деді Бауыржан Уталиев.

Айта кетейік, америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке 25 күн қалғанда Шавкат Рахмоновтың жарақат алып қалғаны белгілі болған еді. "Номадтың" бапкері Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық спортшының сол кезде балдақпен жүрген фотосын жариялады. Генридің айтуынша, Шавкат тобығын ауыртып алғандықтан аяқпен жасалатын соққыларды қолданбапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2051945-savkat-raxmonovtyn-kelesi-zekpe-zekke-qasan-sygatyny-belgili-boldy/