Қазақстандық жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (17-0) Чарльз Джонсонмен күш сынасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ MMA Junkie порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Азат Мақсұм (17-0) 4 ақпан Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 235 турнирінде батыс промоушеніндегі екінші жұдырықтасуын өткізеді. Алғашқы қарсыласы Нейт Мэнес жарақат алып қалғандықтан, оның орнына октагонға америкалық файтер Чарльз Джонсон (13-6) шығады.
Азаттың UFC-дегі екінші қарсыласы Чарльз 2022 жылы тағы бір қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловпен жұдырықтасқан еді. Тартысты жекпе-жекте америкалық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, Азат Мақсұм Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде тәжірибелі америкалық спортшы Тайсон Нэммен (21-14-1) күш сынасқан еді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілер шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2053685-azat-maqsumnyn-ufc-promousenindegi-ekinsi-qarsylasynyn-esimi-belgili-boldy/