Қазақстандық актер және жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Одилхон Камоловпен ерегесіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Octagon лигасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов Octagon промоушенінің Youtube желісіндегі подкастында қонақ болды. Әңгіме барысында Одилхон Еркебұланды жекпе-жекке 1 мәрте шақырғанын айтты. Ал қазақстандық файтер оны жоққа шығарып, 2 мәрте шақырту алғанын мәлімдеді. Кейін екі файтер сөзге келіп қалды. Дегенмен подкаст жүргізушісі оларды сабырға шақырып, төбелестің алдын алды.
Еске салайық, 2022 жылы Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов жекпе-жекке шығып, өзбекстандық файтер жеңіске жеткен еді. Енді екеуі 9 наурызда Алматыда өтетін OCTAGON 56 турнирінде тағы да кездеседі.
Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегінде Ресей өкілі Константин Чередниченконы нокаутпен жеңген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2059651-zur-syrtqa-erkebulan-toqtar-ozbekstandyq-faitermen-eregesip-qaldy/