Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биыл чемпион болады": UFC файтері Шавкат Рахмоновтың мүмкіндігі туралы айтты

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев отандасы Шавкат Рахмонов қашан UFC чемпионы атануы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Асу Алмабаев "Қазақстаннан қашан UFC чемпионы шығады? Ол Шавкат Рахмонов бола ма?" деген сұраққа жауап берді.

"Шавкат UFC белбеуін еншілеуге бұрыннан дайын. 2024 жылдың соңында тарихи сәті туып, Шавкат бізді белбеу жеңіп қуантады деп ойлаймын. Ол үлкен тарих жасап, қазақстандық MMA-ға үлкен жол ашып жатыр. Шавкатқа бүкіл әлем назар аударуда. Ол Қазақстанда таңғаларлық жекпе-жек көрсетіп, белбеуге дейін жете алатын жақсы деңгейдегі файтерлер бар екенін дәлелдейді", – деді Асу Алмабаев.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 10 наурызда Майамиде (Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық файтер Си Джей Вергара.

Еске салайық, өткен жылы тамыз айында Асу Алмабаев АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық Оди Осборнды (12-6 есебімен) қылқындыру әдісімен ұтты. Бұл оның UFС-дегі дебюті болды. 30 жастағы қазақстандық файтер барлығы 15 кездесу өткізген. 13 мәрте жеңсе, 2 рет жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2064991-biyl-cempion-bolady-ufc-de-savkat-raxmonovtyn-mumkindigi-aityldy/