Қазақстандық файтер Арман Әшімов Жапонияда өткен жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Арман Әшімов (12-4-1) жапониялық промоушен Rizin-де дебют өткізді. Алғашқы қарсыласы 37 жастағы файтер Юсаку Накамура (19-10-1) болды. Кездесу жоспарланған уақытынан ерте аяқталмады. Файтерлер белгіленген барлық раунд бойы жұдырықтасты, ал төрешілердің Накамураны жеңімпаз деп тапты.
Айта кетейік, 32 жастағы қазақстаедық файтер Арман Әшімов ММА-дағы соңғы 4 кездесуінде жеңілмеген еді. Десе де окатагонға соңғы рет 2 жыл және 7 ай бұрын шыққан. Оның арасында ресейлік әуесқой лигаларда өнер көрсеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2072475-arman-asimov-37-zastagy-zaponiyalyq-faiterden-zenilip-qaldy/