UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мария Агапованың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
26 жастағы Мария Агапованың (10-4) кезекті қарсыласы Бразилия өкілі Луана Сантос (7-1) болады. Олар 13 шілдеде UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шықпақ.
Агапова UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Бұл кездесуде ол канадалық спортшы Джиллиан Андерсоннан жеңіліп қалған еді. Марияның қарсыласы екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтты. Агапова UFC турнирінде барлығы бес жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Луана Сантостың UFC-дегі рекорды – 2-0. Ол әлемдік промоушендегі дебютін 2023 жылдың тамызында Джулиана Миллерге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген. Кейін 9 желтоқсанда Стефани Эггерден төрешілердің шешімімен басым түсті.
Еске салайық, Мария Агапова UFC-мен келісімшарты туралы тосын мәлімдеме жасаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2073177-ufc-degi-zalgyz-qazaqstandyq-qyz-kelesi-zekpe-zegi-turaly-malimdeme-zasady/