Қытайдағы этникалық қазақ Сайран Нұрданбектің (39-11) UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC Brasil ұйымының X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайран Нұрданбек 15 маусымда UFC Fight Night турнирінде бразилиялық файтер Мелкизель Костамен (20-7) жекпе-жекке шығады.
Сайран соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың сәуірінде өткізіп, америкалық Стив Гарсиядан мерзімінен бұрын екінші раундта жеңілген еді. Мелкизель Коста да соңғы жекпе-жегінде Гарсиямен кездесті. Бұл бәсекеде америкалық файтер нокаутпен ұтқан болатын.
Айта кетейік, 15 маусымда өтетін UFC турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев та өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – америкалық файтер Хосе Джонсон.
Алмабаев 9 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде АҚШ өкілі Си Джей Вергараны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2101040-qytai-qazagy-ufc-degi-kelesi-zhekpe-zhegin-teri-auruyna-shaldyqqan-faitermen-otkizedi/