Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-де жеңіліп көрмеген шешен файтері ауыр халде ауруханаға түсті

Жарияланған күні:

Хамзат Чимаев
Хамзат Чимаев. Фото: GIUSEPPE CACACE/AFP via Getty Images

Мансабында мүлде жеңіліп көрмеген шешен файтері Хамзат Чимаев ауруханаға түсті. Ол UFC-дегі келесі жекпе-жегіне шықпайтын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хамзат Чимаевтың ауруханада жатқан суретін аралас жекпе-жек шебері Мухаммад Эскерханов Instagram желісіндегі Stories-ке жариялады.

"Әр ауыртпалықтың cоңында бір жеңілдік бар", - деп жазды Экскерханов.

Айта кетейік, Чимаев 22 маусымда Сауд Арабиясында өтетін UFC Fights Nights турнирінде аустралиялық Роберт Уиттакермен жекпе-жекке шығуы керек болатын. UFC-дің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Хамзатты алдағы турнирде ресейлік Икрам Алискеров алмастырады.

Мухаммад Эскерхановтың Instagram Stories-і
Мухаммад Эскерхановтың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/mukhammad_eskirkhanov/

Чимаев соңғы рет өткен жылдың қазанында UFC октагонына шыққан еді. Сол жекпе-жекте ол Камару Усманмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 30 жастағы Хамзаттың MMA-дағы рекорды – 13:0

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2117457-ufc-de-zhengilip-kormegen-sheshen-faiteri-auyr-halde-auruhanaga-tusti/