Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрбек Қарабала: MMA спортына жағдайы жоқтар келеді

Жарияланған күні:

Нұрбек Қарабала
Нұрбек Қарабала. Фото: instagram.com/nurbekkarabala

Naiza аралас жекпе-жек лигасының президенті Нұрбек Қарабала MMA спортына тұрмыстық жағдайы төмен адамдар келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Khabar TV телеарнасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мойындау керек, MMA – жағдайы бар адамның спорты емес. Басында бұл жерге Шавкат сияқты бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқан жігіттер келеді. Ақшалары жоқ, арба сүйреп жүрген Асу Алмабаев, Шавкат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов өздерін таба алмай жүріп, осы спортқа келіп, еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетті.

Қазір Шавкаттың гонорарына, оған көрсетіліп жатқан құрметке қарап MMA Қазақстандағы жігіттер үшін әлеуметтік лифт деп айтуға болады", - деді Нұрбек Қарабала.

Айта кетейік, 16 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-та UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонмен кездеседі. Екі файтердің жекпе-жегі турнирдің басты кардында өтпек. Алмабаев соңғы кездесуінде АҚШ өкілі Си Джей Вергарамен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2117619-nurbek-qarabala-mma-sportyna-zhagdaiy-zhoqtar-keledi/