Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық файтердің келесі қарсыласы анықталды

Жарияланған күні:

Дамир Исмагулов
Дамир Исмагулов. Фото: instagram.com/ismagulov_damir

UFC промоушенінде өнер көрсеткен қазақстандық файтер Дамир "Qazaq" Исмагулов келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ HFC MMA промоушенінің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Исмагулов 13 шілдеде Алматыда өтетін Hardcore FC промоушенінің турнирінде өнер көрсетпек. Оның қарсыласы ресейлік Дмитрий Климов болады. Турнирдің басты оқиғасында Мұратбек "Қазақ терминаторы" Қасымбай Диего Брандаомен жұдырықтасып, HFC MMA белбеуін иемденуге тырысады.

33 жастағы Исмагулов 2014 жылы MMA спортында дебют жасаған. Ол 2018 жылдан 2023 жылға дейін UFC-де өнер көрсетті. Осы аралықта 5 рет жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліс тапты. Оның MMA-дағы рекорды – 24-3.

Дамир соңғы жекпе-жегін биыл наурызда Ресейде "Наше дело 82" турнирінде өткізді. Ол ресейлік файтер Эдуард Вартанянмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Климов 2023 жылдың желтоқсанында өткен соңғы кездесуінде Фазлиддин Мадрахимовқа есе жіберді. Оның активінде 8 жеңіс және 3 жеңіліс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2123448-ufc-de-oner-korsetken-qazaqstandyq-faiterding-kelesi-qarsylasy-anyqtaldy/