Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер жарақат алып, оның UFC-дегі жекпе-жегі өтпейтін болды

Жарияланған күні:

UFC файтері Азат Мақсұм
UFC файтері Азат Мақсұм. Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм жарақат алып қалды. Ол 3 тамызда Абу-Дабиде өтетін UFC турнирінде америкалық Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығуы керек болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азат Мақсұмның жарақат алғанын оның менеджері Нұраддин Садықов Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Кеше күндіз Си Джей Вергара жарақатына байланысты жарыстан шығып қалды дегенді естіген едік. Одан кейін бізге бразилиялық Роча деген қарсыласты берді. Оны қабылдағаннан кейін бүгін түсте Азат асықты жілік шыбығын сындырып алғаны туралы хабар келді. Дәрігерлердің қорытындысын қарадық, рентгенді көрдік. Жарысқа шықпақ түгілі, жүруі мұң боп тұр. Сондықтан, амалсыздан бұл жарыстан шығуға тура келеді", - деді Садықов.

Айта кетейік, Азат соңғы жекпе-жегін ақпанда өткізді. Ол UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық файтер Чарльз Джонсонға есе жіберген болатын. Осылайша, қазақстандық жауынгер кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін ол 17 мәрте қарсыластарынан басым түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2132649-qazaqstandyq-faiter-zharaqat-alyp-onyng-ufc-degi-zhekpe-zhegi-otpeitin-boldy/