Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік спортшылар Алматыдағы дәмханалардың бірінде төбелесіп қалды

Жарияланған күні:

Мохаммад Хейбати мен Диего Брандао
Мохаммад Хейбати мен Диего Брандао. Скриншот: instagram.com/pd_mma

Ирандық аралас жекпе-жек шебері Мохаммад Хейбати Алматыға келіп, қаладағы дәмханалардың бірінде бразилиялық Диего Брандаомен төбелесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мохаммад Хейбати бразилиялық файтермен төбелесінің видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жариялады. Видеоға сүйенсек, ирандық спортшы Брандаоның үстел үстінде тұрған белбеуін алып кетпек болған. Кейін екеуі төбелесіп қалды. Оларды сол маңдағы адамдар ажыратып алған.

"Бұл белбеуді мен жеңіп алғанмын. Олар мұны менен уақытша алып, оған берді. Бірақ бүгін өзіме тиесілі нәрсені алдым. Брандаоның қалай жылағанын қараңдаршы. Жылама, ертең жекпе-жек кезінде мен оны тағы да сенен артып аламын. Cол кезде тағы да жылауға себеп болады", - деп жазды Хейбати.

Айта кетейік, 13 шілдеде бразилиялық Диего Брандао қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбаймен Алматыда Hardcore HFC MMA турнирінде жекпе-жекке шығады.

Брандао MMA-дағы мансабында 50 кездесу өткізген. Оның активінде 29 жеңіс пен 21 жеңіліс бар. Ал Мұратбектің рекорды 12-4.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2133129-sheteldik-sportshylar-almatydagy-damhanalardyng-birinde-tobelesip-qaldy-video/