Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұман Жұмабеков: Анам төбелесті қойып, ән айтқанымды қалайды

Жарияланған күні:

Жұман Жұмабеков
Жұман Жұмабеков. Фото: instagram.com/juman_jumabekov

NAIZA лигасының қазақстандық файтері Жұман Жұмабеков Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында NAIZA 62 турнирі, балалық арманы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Соңғы жекпе-жекте сіз Nomad титулын жеңіп алдыңыз. Алдағы мақсаттарыңыз қандай?

– Иә, бұл жекпе-жек өте қиын болды, өйткені қарсылас мықты болды. Ол – бокстан спорт шебері, ал мен қазақ күресінен шыққан жауынгермін, сондықтан барын салып, Аллахтың қалауымен осы белбеуді ұтып алған болатынмын. Жоспарлар үлкен. Менде NAIZA, Nomad және Hardcore FC лигаларымен келісімшарттар бар. Қазір жақсы ұсыныстар болса, осы үш промоушнның бірінде жекпе-жекке шығуға дайынмын.

Кішкентай кезімде әнші болуды армандайтынмын деп айттыңыз...

– Иә, бұл балалық арманым. Анашым Кентау қаласында үй жинап жүрген кездерде, мен Мейрамбек Беспаевтың "Алғашқы махаббат" өлеңін айтатыным есімде. Анам ойлаған, мен өскенде әнші боламын деп, бірақ Алланың тағдырыма жазғаны спортшы болу болды. Негізі анашым осы төбелесті қойып, ән айтқаның дұрыс еді деп.

– Қазір жекпе-жектердің арасында өнеріңізді көрсетіп, неге ән айтпасқа? 

– Жоқ, мен бұған қарсымын. Мен тек келіншегіме және анама өлең арнаймын (күлді).

Еске салайық, 24 ақпан Алматыда аралас жекпе-жектен өткен Naiza 57 турнирінде қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков пен Бразилия өкілі Вандерлей Феррейра кездескен еді. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланды. Бірақ соңғы раундта бразилиялық файтер Вандерлей Феррейра тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. Осылайша Жұман Жұмабеков мансабында сегізінші рет жеңіліске ұшырады. Ал Вандерлей Феррейра он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2133156-zhuman-zhumabekov-anam-tobelesti-qoiyp-an-aitqanymdy-qalaidy/