Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов мансабындағы 25-жеңісіне қол жеткізді

Жарияланған күні:

Дамир Исмагулов
Дамир Исмагулов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир "Qazaq" Исмағұлов ресейлік файтер Дмитрий Климовты жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Екі спортшы Алматыдағы Hardcore HFC MMA турнирінде кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Дамир Исмағұлов төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласынан басым түсті. Осылайша, мансабындағы 25-жеңісіне қол жеткізді. Ал Дмитрий Климов 4-рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, 33 жастағы Исмағұлов 2014 жылы MMA спортында дебют жасаған. Ол 2018 жылдан 2023 жылға дейін UFC-де өнер көрсетті. Осы аралықта 5 рет жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліс тапты.

Дамирдің осыған дейінгі жекпе-жегі биыл наурызда Ресейде "Наше дело 82" турнирінде өткен еді. Ол ресейлік файтер Эдуард Вартанянмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2133531-qazaqstandyq-faiter-damir-ismagulov-reseilik-sportshyny-zhengdi/