Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұратбек Қасымбай UFC-дің бұрынғы файтерін нокаутпен жеңіп, чемпион атанды

Жарияланған күні:

Мұратбек Қасымбай
Мұратбек Қасымбай. Фото: instagram.com/muratbek_kassymbay

"Қазақ терминаторы" лақап атымен танымал қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай (12-4) Алматыда өткен Hardcore Fighting Championship турнирінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кештің басты жекпе-жегінде Мұратбек Қасымбай UFC-дің бұрынғы файтері бразилиялық Диего Брандаомен (29-21) кездесті. Қос спортшы бұл жекпе-жекте BHF белбеуін сарапқа салды. Бес раундқа есептелген кездесу екінші раундта Мұратбек Қасымбайдың бразилиялық файтерді техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.

Осылайша Мұратбек Қасымбай кәсіби мансабында 13-жеңіске жетіп, BHF титулын жеңіп алды. Ал Диего Брандао ММА-да 22 рет жеңіліске ұшырады.

2023 жылғы желтоқсанда Мәскеудегі "Наше Дело" лигасында өткен жекпе-жекте Мұратбек Қасымбай ресейлік Александр Грозинге есе жіберіп қойған еді.

Айта кетелік, 37 жастағы бразилиялық бес жыл бойы UFC-де (2011-2016) өнер көрсетті. Брандао Конор Макгрегор (22-6) және Дастин Порье (30-9) сияқты файтерлермен жұдырықтасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2133564-faiter-muratbek-qasymbai-hardcore-hfc-mma-turnirinde-zhengiske-zhetti/