Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мария Агапованың UFC-дегі көптен күткен жекпе-жегі жеңіліспен аяқталды

Жарияланған күні:

Мария Агапова
Мария Агапова. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

UFC-дегі қазақстандық файтер Мария Агапова (10-5) Денвердегі (АҚШ) UFC on ESPN 59 турнирінде жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мария Агапова бірінші раундта бразилиялық файтер Луана Сантостан (8-1) есе жіберіп қойды. Бразилиялық файтер Мария Агапованың арқасына шығып, көп ұзамай Марияны қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Агапова UFC промоушенінде қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады. Қазақстандық файтердің UFC-дегі қазіргі рекорды – 2-4. Негізгі келісімшарт бойынша бұл жекпе-жек Мария Агапованың UFC-дегі соңғы кездесуі саналады.

Ал қарсыласының осы промоушендегі рекорды енді 3-0 жетті.

Айта кетелік, Мария Агапова үшін бұл жекпе-жек жиырма екі айлық үзілістен кейінгі бірінші кездесуі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2133624-mariia-agapovanyng-ufc-degi-kopten-kutken-zhekpe-zhegi-zhengilispen-aiaqtaldy/