Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спецназ болғым келді": UFC-дегі қазақстандық файтер бала күнгі арманын айтты

Жарияланған күні:

Бекзат Алмахан
Бекзат Алмахан. Фото: instagram.com/bekzatalmahan

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Бекзат Алмахан Kana Beisekeyev Youtube арнасына берген сұқбатында өзінің бала күнгі арманы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Мен бала күнімнен спорттан алшақтамадым. Бірақ бала күнімде спецназ болғым келетін. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген кезде де болашақта кім боламын деп ойлаған кезде де ақыр аяғында спортты таңдадық.

Себебі спецназдар да спортқа жақын болады. Теледидардан көрген кезде олардың қару асынып, түрлі кедергілерден өтіп жүретініне қызығатынбыз. Ал қазір спецназ болғым келмейді, қазір UFC-дің чемпионы болғым келеді", - деді файтер Бекзат Алмахан.

Қазақстандық файтер UFC промоушенінде әзірге бір жекпе-жек өткізді. Ол өзінің дебютін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте Бекзат Алмахан дагестандық файтерге есе жіберіп қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2134365-spetsnaz-bolgym-keldi-ufc-degi-qazaqstandyq-faiter-bala-kungi-armanyn-aitty/