Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев UFC-дегі үздік 15 файтердің қатарына кірді

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушенінің жеңіл салмақтағы үздік 15 файтерінің қатарына кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жаңартылған рейтингке сәйкес, Асу Алмабаев қытайлық спортшы Су Мудаержимен бірге 15-орынға табан тіреді. Ал рейтингте жеңіл салмақтағы чемпион Александр Пантожа көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарға Брэндон Ройвал, Брэндон Морено, Амир Альбази, Кай Кара Фрэнс және Татсуро Таира жайғасқан.

Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусымда АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінде өткізген еді. Ол алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетті. Үш раундқа созылған кездесуде Алмабаев америкалық файтер Хосе Джонсонды төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Осылайша қазақстандық файтер MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2135304-asu-almabaev-ufc-degi-uzdik-15-faiterding-qataryna-kirdi/