Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді: файтердің менеджері мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC промоушенінің жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов Вестник ММА Youtube арнасына берген сұқбатында файтердің келесі жекпе-жекті қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Шавкат күзге дайындалып жатыр. Енді Джек Делл Маддаленның жарақатын ескере отырып, титулдық жекпе-жектің қалай өтетінін бағамдауға болады. Осыдан кейін ғана Шавкаттың келесі жекпе-жегінің уақытын жоспарлаймыз. Шавкаттың келесі қарсыласы Маддален бола ма? Жоқ, біз оған назар аудармаймыз. Біздің мақсатымыз – титулды жекпе-жек", - деді Саят Абдрахманов.

Айта кетелік, UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы Леон Эдвардс пен Белал Мұхаммед кездеседі.

Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте 18 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол өзінің соңғы жекпе-жегі UFC 296 турнирінде Стивен Томпсонға қарсы өткізді. Шавкат Рахмонов қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2135361-shavkat-rahmonovtyng-kelesi-zhekpe-zhegi-qashan-otedi-faiterding-menedzheri-malimdeme-zhasady/