Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан және кіммен өткізеді: файтер жауап берді

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінің қашан және кіммен өтетіндігі туралы "Вести Спорта" YouTube арнасына берген сұқбатында айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін және кіммен кездескісі келетінін айтты. Оның айтуынша, келесі жекпе-жекті ұзақ күтудің қажеті жоқ.

"Мен келесі жекпе-жегімді қазан айында өткізгім келеді. Көп күтудің қажеті жоқ, қазіргі уақытта ешқандай жарақатым жоқ. Мен күнделікті жаттығуыма кірістім. Егер UFC келесі жекпе-жекке ұсыныс жасаса, мен бірден қабыл аламын.

Қазіргі таңда рейтингтің екінші сатысында тұрған Брэндон Ройвалмен, сондай-ақ үздік бестікті түйіндеп тұрған Татсуро Таирмен кездескім келеді. Бірақ қазір менің айтқаныммен бәрі бола қалмайды. UFC маған қандай қарсыласты ұсынса да, мен жекпе-жекке шығамын", - деді Асу Алмабаев.

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2023 жылдың тамызында өткізген. Бірінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер америкалық Оди Осборнмен (12-7) кездесіп, жеңіске жетті. Содан кейінгі кездесулерінде Асу Алмабаев Си Джей Вергару (12-5-1) мен Хосе Джонсоннан (16-9) басым түскен болатын.

Сондай-ақ жақында Асу Алмабаев UFC-дегі үздік 15 файтердің қатарына кірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2136630-asu-almabaev-ufc-degi-kelesi-zhekpe-zhegin-qashan-zhane-kimmen-otkizedi-faiter-zhauap-berdi/