Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маратбек деп айтқаным үшін": ресейлік файтер өзінің бет сүйегін қазақстандық спортшының сындырғанын айтты

Жарияланған күні:

Мохаммед Хейбати
Мохаммед Хейбати. Фото: youtube.com/sport24

Аралас жекпе-жек шебері Мохаммад Хейбати Sport24 YouTube арнасына берген сұқбатында ММА турнирінің алдында қазақстандық жауынгерлер оның бет сүйегін сындырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мохаммедтің айтуынша, оған Мұратбек Қасымбайдың адамдары келіп шабуыл жасағанын, олар қазақстандық жауынгердің есімін "Мұратбек" емес, "Маратбек" деп айтып жүргеніне наразы екенін жеткізген.

"Маған бірнеше адам жақындап келіп, неге өктемсіп жүрсің дегендей бас салды. Олардың біреуі ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын файтер еді (Ғалымжан Жасланов). Мен оны "бұқа" деп атаймын. Ол маған келіп: "Сен неге оның атын Маратбек деп айтып жүрсің", - деп тиісе бастады. Мен оларға: "Біздің тіліміз бойынша солай дыбысталады. Мен оның аты Мұратбек екенін жақсы білемін, бірақ маған оның атын айту қиындық тудырады", - деп жауап бердім. Сол кезде төбелес басталып кетті. Мен де қарап тұрмай бір-екі соққы жасадым. Бірақ сол уақытта оның жанында тұрған достары қосылды. Бірақ мен оның бұл жасаған ісін ешқашан ұмытпаймын.

Қай уақытта болмасын, қай жерде болмасын, бір күні қайтарамын. Біз ғимараттың ішінде болдық. Мен сол кездегі соққыларды сезбедім. Бірақ бетімнен ұрған кезде бет сүйегім сынғанын сездім. Сынғанды қалпына келтіру үшін екі-үш апта қажет. Бірақ дәл сол сынған жерде жүйке талшықтары болады екен, дем алған сәтте сол жүйке талшықтары тіске барып, жанымды шығарады", - деді Мохаммад Хейбати.

Айта кетейік, Мохаммад Хейбати аралас жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, 5 жеңіске қол жеткізсе, 3 рет жеңіліс тапқан. Сондай-ақ Мохаммад Хейбати Алматыға келіп, қаладағы дәмханалардың бірінде бразилиялық Диего Брандаомен төбелескен болатын.

Хейбатидің жарақаты
Хейбатидің жарақаты. Видеодан кадр: youtube.com/sport24

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2136657-maratbek-dep-aitqanym-ushin-qazaqstandyq-sportshy-reseilik-faiterding-bet-suiegin-syndyrgan/