Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев UFC рейтингінің жоғары сатысында тұрған жауынгермен кездескісі келетінін айтты

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев "Вестник ММА" Youtube арнасына берген сұқбатында өзінің келесі жекпе-жегін кіммен өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Асу Алмабаев келесі кездесуін рейтингтің екінші сатысында тұрған Брэндон Ройвэлмен өткізгісі келеді.

"Егер рейтингтің жоғары сатысындағы файтермен кездессем, жақсы болар еді. Мен қазіргі уақытта рейтингтің тоғызышы және бесінші сатысында тұрған файтерлермен кездескім келеді. Ал менің осы сұрап отырған адамдарым тамыз айында жекпе-жектерін өткізеді. Сондай-ақ рейтингте 2-орында тұрған Ройвэлмен жұдырықтасқым келеді. Бірақ кез келген жауынгермен шығуға дайынмын. Ең бастысы – белсенді болу, күресу және нәтиже көрсету", - деді Асу Алмабаев.

Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2023 жылдың тамызында өткізген. Бірінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер америкалық Оди Осборнмен (12-7) кездесіп, жеңіске жетті. Содан кейінгі кездесулерінде Асу Алмабаев Си Джей Вергару (12-5-1) мен Хосе Джонсоннан (16-9) басым түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2137704-asu-almabaev-ufc-reitingining-zhogary-satysynda-turgan-zhauyngermen-kezdeskisi-keletinin-aitty/